Қазақстандық жасөспірімдер Загребтегі турнирде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте (Хорватия) өткен халықаралық рейтингтік турнирде сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Отандастарымыз жарыс қорытындысы бойынша екі алтын және бір күміс медаль иеленді.

59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрай Амангелді қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген де барлық қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды.

Ал 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сабина Туртулова жарысты екінші орынмен аяқтап, күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирді үш жүлдемен қорытындылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!