- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық жас теннисшілер...
Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Түркияның Ыстамбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Аталмыш жарыста қазақстандық жас теннисшілер табысты өнер көрсетті.
Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6.
Жұптық сында финалда қазақстандықтар Александр Софрыгин – Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев – Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8.
Қыздар арасында қазақстандық Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина – Мария Масляковаға есе жіберді – 6:2, 5:7, 6:10.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан