Таиландтағы Нонтхабури қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы ITF Juniors J300 THAILAND ITF JUNIORS CHAMPIONSHIP B1 турнирі мәресіне жетті. Жарыста қазақстандықтар жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әмір Омарханов (99 ITF Juniors) финалда сингапурлық Билл Чаномды (235 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 6:1 есебімен ұтып, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Қыздар арасында жұптық сында соңғы бәсекеде қазақстандықтар бас жүлдені өзара сарапқа салды. Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай тартысты матчта Мәлика Әмірғалиева – Альбина Кәкеновадан 6:7, 7:5, 10:5 есебімен басым түсті.
Бозбалалар арасында Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин финалда жарыстың 1-ракеткалары, үндістандық Ариан Шах – қытайлық Тинх Джангқа жол берді – 4:6, 6:3, 6:10.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз