Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі рет топ жарды

Теннисші Альбина Кәкенова 18 жасқа дейінгілер арасында Үндістанда өткен ITF Juniors 100 турнирлерінде чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Альбина Кәкенова алдымен отандасы Сәтима Төрегенмен бірге жұптық сында Нью-Дели додасында үздік шықты.

Олар финалда ресейлік Ксения Ахрамеева - Ева Колядинаны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Альбина Кәкенова жекелей сында Пуне қаласында өткен жарыста да қарсылас шақ келтірмеді. Ол үндістандық Диа Рамешті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!