Теннистен жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.
Әмір бірінші кезеңде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған болатын. 16 жастағы отандасымыз екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.
Бірінші сетте ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты. Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6). Шешуші, үшінші сетте Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!