Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Отандастарымыз жалпы командалық есепте жетінші орыннан көрінді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде аралас командалық бәсеке болды. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Жапониямен кездесіп, 0:4 есебімен есе жіберді. Осылайша Қазақстан құрамасы бұл жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады.
Санжар Ерұланұлы 100 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Асқар Біржанов үшінші орын алды.
Сондай-ақ 100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай