Қазақстандық жас боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді: видео

Қазақстандық боксшы Руслан Кузеубаев Астана өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жетті.

60 келі салмақтың 1/4 финалында Руслан түркменстандық бкосшымен айқасты. Кузеубаев бірінші раундта-ақ қарсыласын еукі рет есеңгіретті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты. 

Осылайша, Руслан техникалық нокаутпен жеңіске жетті.