Қазақстандық хоккейші қыздар Гонконгты 19:0 есебімен ұтты

Қазақстандық хоккейші қыздар Гонконгты 19:0 есебімен ұтты
Фото: Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық хоккейші қыздар Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Гонконг құрамасын 19:0 есебімен ұтты.

Александр Мальцев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жарыстағы алғашқы екі ойында Жапония мен Қытай құрамаларына ұтылған болатын. Кейіннен Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтты. Бүгін Гонконг құрамасының қақпасына жауапсыз 19 шайба тоғытты. Нәтижесінде қола жүлдеге қол созып отыр.

25 ақпан күні отандастарымыз Тайланд құрамасына қарсы шешуші ойын өткізетін болады. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget