Қазақстандық гимнасттар Өзбекстандағы жарыста топ жарды

Қазақстандық гимнасттар Өзбекстандағы жарыста топ жарды
Фото: ҰОК

Өзбекстанда спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі аясындағы финал жарысы өтіп жатыр. 21 маусымда Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Ерлер арасында қоссырықтағы жаттығуларда Ілияс Әзізов 13.100 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Осы жаттығуда Дмитрий Патанин 12.700 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында алтын медальді 13.550 ұпай жинаған Ахрорхон Темирхонов (Өзбекстан) жеңіп алды.

Бөрене үстіндегі жаттығуда Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Алғашқы орынды 13.300 ұпаймен Кайлия Немур (Алжир) жеңіп алса, екінші орынды Одинахон Робиджонова (Өзбекстан) 12.500 ұпаймен еншіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget