Қазақстандық гимнаст Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық гимнаст Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Massaget.kz. 

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Ресей өкілі Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды. Ал оның жерлесі Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget