Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық гимнаст қыздар Эльжана Таниева мен Милана Парфилова екі медаль жеңіп алды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Олар жеке көпсайыста "күміс" пен "қола" жеңіп алды.
Таниева екінші орынды иеленді. Жалпы, алғанда ол 130.700 ұпай жинады. Парфилова өз кезегінде үшінші нәтижені көрсетті - 130.050 ұпай.
Жеңісті Тахмина Икрамова (Өзбекстан) 131.300 ұпаймен иеленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!