Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.
Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан