Спорттық гимнастикадан Мысыр астанасы Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен ол 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бұл бәсекеде алтын медальді иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд (15.070) иеленсе, күміс жүлдені кореялық Вунг Хур (14.930) еншіледі. Ал құрама үздігі Нариман Құрбанов бесінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, бұл Зейнолланың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!