Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Екінші орынды Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен иеленсе, үшінші орын Ноэ Сейфертке (Швейцария) бұйырды, оның еншісінде 13,866 ұпай бар.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Оның қоржынында Әлем кубогінде жеңіп алған алты алтын медаль бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова