Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелья қаласында өткен халықаралық Гран-При жарысында отандасымыз Эльжана Таниева үздік үштіктен көрінді.
Қазақстандық гимнасшы доппен жаттығу сайысының финалында 32.900 балмен қола жүлдеге қол жеткізді. Ал алтын мен күміс медальды болгар елінің спортшы қыздары Стиляна Николова (35.700) мен Ева Брезалиева (33.600) жеңіп алды.
Өзге жаттығу сайыстарында да Эльжана Таниева нәтижелі өнер көрсетіп, үздік 8 гимнасшы қатарына енді. Гимнастикалық шеңберде 6-орын, ұршық айналдыру сайысында 7-орыннан көрінді.
Айта кетейік, Эльжана Таниева ақпан айының соңында Эстонияда өткен Гран-Приде күміс медаль еншілеген еді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!