Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатында Иранды жеңді

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатында Иранды жеңді
Фото: ҰОК

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында соңғы матчін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандастарымыз 31-32-орындар үшін Иран құрамасымен арада мықтыны анықтады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Иранды 24:19 есебімен тізе бүктірді. 

Осылайша қазақстандық гандболшылар әлем біріншілігін 31-орынмен аяқтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget