Қазақстандық футболшы сүйіктісіне үйленуге ұсынысты Парижде жасады

Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Дәмир Қасабұлат Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Клубтың баспасөз қызметі футболшы мен оның сүйіктісіне бақыт тілеп, олардың Эйфель мұнарасының жанында түскен фотосын жариялады.

Құттықтаймыз! Дәмир Қасабұлат сүйіктісі Айнұрға сөз салды. Бақытты болыңдар", - деп жазды клуб Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 21 жастағы Дәмир - "Қайрат" академиясының түлегі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!