Қазақстандық футболшы матч басталар алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

"Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет Алматыдағы ҚПЛ матчы басталар алдында сүйіктісіне тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан чемпионатының 21-туры аясындағы ойында "Қайрат" "Астананы" ұтып (1:0), матч алдында Еркебұлан Сейдахмет сүйген қызына ұсыныс жасады.

"Ол "Иә" деді! Ойыншымыз Еркебұлан Сейдахмет "Қайрат" – "Астана" матчы басталар алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады. Ол өз келісімін берді. Бақытты болыңдар!", - деп жазды "Қайрат" футбол командасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЙРАТ» ФК | FC KAIRAT ALMATY (@f.c.kairat) 

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет "Тараздан" шыққан, бұған дейін Қазақстандағы ең техникасы мықты футболшылардың бірі болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!