Қазақстан құрамасының шабуылшысы Әлияр Мұхамед Беларусь құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ұлттық құраманың шақыртуын қалай қабылдағанын айтты.
"Маған ұлттық құраманың әкімшісінен хабарлама келді. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік, алда болатын матчтарға бар күшімді салуға дайынмын", - деді ол.
Оған қоса футболшы Беларусь құрамасына қатысты пікір білдірді.
"Беларусь – физикалық тұрғыдан мықты команда, бірақ біз дайынбыз. Жақсы ойын болады деп үміттенемін", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Бастапқыда Беларусь астанасы Минскіде жоспарланған кездесу бүгін Борисов қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова