Қазақстандық файтерлер допинг-тексерістен өтті

Қазақстандық UFC файтерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев кезекті рет допинг-тексерістен өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы UFC спортшыларының допинг-бақылауын қадағалайтын UFC Drug Testing Watch аккаунты X әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Шавкат Рахмонов үшін бұл тексеріс 2025 жылғы төртінші допинг-бақылау болды. "Номад" UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсетеді және рейтингте екінші орында тұр. Соңғы жекпе-жегін ол 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иан Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді. Алайда сол кездесуде алған жарақатына байланысты Рахмонов 2025 жыл бойы октагонға шықпай, чемпиондық белбеу үшін айқасу мүмкіндігін жіберіп алды.

Ал UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесінде жетінші орында тұрған Асу Алмабаев биыл алтыншы рет допинг-тест тапсырды. Ол соңғы жекпе-жегін 22 қарашада өткізіп, америкалық Алекс Пересті қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!