- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық файтер қарсыласын...
Қазақстандық файтер қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Дамир Төленов 30 секундта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
19 ақпанда ол ең жеңіл салмақта OCTAGON лигасы чемпионы атағын қорғады. Бұл жекпе-жек Алматыда өткен OCTAGON 41 турнирінің басты айқасы болды.
Жеңіліп көрмеген Төленовтің қарсыласы тәжікстандық Шерзод Ибодилоев еді. Дамир қарсыласын бірінші раундта-ақ 30 секундта нокаутқа түсірді, Ибодилоев үшін бұл ММА-дегі алғашқы жеңіліс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина