Аралас жекпе-жек шебері Қадырбек Шынбаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалі үшін күреседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Файтер 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда сынға түсті. Қадырбек Шынбаев бұл кезеңде өзбекстандық Нодирбек Шавкатовты тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) дәстүрлі аралас жекпе-жектен финалға шыққан еді. Ал Санжар Әділов (65 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!