Қазақстандық файтер әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

Супер жеңіл салмақта NAIZA лигасының чемпионы атанған қазақстандық Қазбек Сағын беделді fightmatrix сайтының нұсқасы бойынша супер жеңіл салмақтағы үздік файтерлер рейтингінде тоғызыншы орында тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

DAR Pro Team мүшесі супер жеңіл салмақ рейтингіне енген алғашқы қазақстандық атанды.

Рейтинг көшбасшысы - Pancrase лигасындағы жапониялық Кейто Ямакита.

Қазбек қарашада NAIZA лигасы турнирінде ұлыбританиялық Джон Шинкті жеңіп, чемпион атанған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!