Қазақстандық файтер UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (11-2) UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 нөмірлі турнирінде өтті. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) болды. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Нұрғожай үшін бұл әлемдегі ең мықты лигадағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін ол UFC-де екі рет жеңіліп қалған еді. Қазақстандық файтердің дебюті 2025 жылғы наурызды ортасында өтіп, ол екінші раундта бразилиялық Брендсон Рибейроға қолды ауырту әдісімен (сабмишн) жеңілген.

Ал тамызда қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен кездесіп, бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіліс тапқан.

Жалпы ММА-дағы мансабында Нұрғожай 11 жеңіске жеткен. Ал Тобиас ММА-дағы 14 жеңісінің қасында екінші жеңілісіне ұшырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!