Қазақстандық екі спортшы Азия чемпионатында финалға шықты

Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнир аясында 800 метр қашықта жартылай финал жарыстары өтті. Сайыс қорытындысы бойынша финалға қазақстандық екі спортшы жолдама алды.

Жартылай финалда Ақбаян Нұрмәмет екінші болып мәреге жетіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал Екатерина Колода мәреге төртінші болып жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, финал 8 ақпанда өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!