Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуандар Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық Евгений Поковбамен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, финалға шықты.

Ал 72 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов жартылай финалда түркиялық Ибрахим Өздемирмен күш сынасты. Ол да жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалына өтті.

Айбек Айтбеков алтын медаль үшін Әзербайжан өкілі Эльмир Алиевпен белдессе, Юсуф Ашрапов Армения балуаны Гаспар Тертерянмен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!