Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі нәтижесі жақсарды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Аталған турнирде қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылаған.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық дзюдошылар ішінде Абиба Абужақынова үздік бестікке енген. Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшаев 15-ші орынға тұрақтаған.

Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50):

Ерлер

-60 кг

Мағжан Шамшадин – 15 орын (2773 ұпай)
Елдос Сметов – 23 орын (1929)
Бауыржан Нарбаев – 34 орын (1438)
Нұрқанат Серікбаев – 36 орын (1322)
Шерзод Давлатов – 49 орын (855)

-66 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 24 орын (2010)
Есет Қуанов – 42 орын (1114)

-73 кг

Данияр Шамшаев – 15 орын (2746)
Жансай Смағұлов – 21 орын (2060)

-81 кг

Абылайхан Жұбаназар – 22 орын (2105)

-90 кг

Дидар Хамза – 24 орын (1920)

-100 кг

Нұрлыхан Шархан – 24 орын (2115)

+100 кг

Әділ Оразбаев – 41 орын (1081)
Ғалымжан Қырықбай – 49 орын (780) 

Әйелдер

-48 кг

Абиба Абужақынова – 5 орын (4183)
Ғалия Тынбаева – 39 орын (1236)

-57 кг

Севара Нышанбаева – 33 орын (1317)

-78 кг

Аруна Жангелдина – 32 орын (1120)

+78 кг

Камила Берликаш – 19 орын (2544)
Назгүл Маратова – 39 орын (831)

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!