Қазақстандық дзюдошылар тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар тоғыз медаль жеңіп алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға ие болып, 3 күміс және 6 қола медаль еншіледі.

Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:

  • Ғұсман Қырғызбаев — күміс (-66 келі)
  • Ерасыл Қажыбаев — күміс (+100 келі)
  • Талғат Орынбасар — күміс (-60 келі)
  • Мағжан Шамшадин — қола (-60 келі)
  • Аман Бақытжан — қола (-60 келі)
  • Абылайхан Жұбаназар — қола (-81 келі)
  • Есет Қуанов — қола (-73 келі)
  • Бақжан Байтас — қола (-100 келі)
  • Марат Байқамұров — қола (-100 келі)

Жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 2 күміспен IJF құрамасы 1-орын еншілесе, 3 алтын медальмен Оңтүстік Корея құрамасы 2-орынға, ал 3-орынға 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдемен Жапония жайғасты.
 
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен жарысқа әлемнің 44 елінен 358 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қатысушылар арасында Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары да болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget