Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі турнирдің алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан атынан төрт дзюдошы татамиге шықты. Алайда олардың барлығы алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин бахрейндік Руслан Полторацкийге есе жіберсе, Талғат Орынбасар өзбекстандық Камоллидин Бахтиеровтен ұтылды.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов бақ сынады. Нұрқанат Серікбаев өзбекстандық Бобур Ваджиевке есе жіберсе, Ақылжан Жұбатқанов бразилиялық Рональд Лимаға жол берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!