Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Польшаның Варшава қаласында өтетін European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар да белдеседі.
Ерлер
- 60 келіге дейін: Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев
- 66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр
- 73 келіге дейін: Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан
- 81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов
- 90 келіге дейін: Ақжол Дүйсенбаев, Данил Крылов, Айбол Нысанәлі
- 100 келіге дейін: Асқар Біржанов
- 100 келіден жоғары: Санжар Жабборов
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай
- 52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
- 57 келіге дейін: Карина Қаракенова
- 63 келіге дейін: Асылжан Орынбасарова, Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова
- 70 келіге дейін: Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова
- 78 келіге дейін: Шынар Абатова, Аруна Жангельдина
- 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш
Айта кетейік, турнир 14-15 наурыз аралығында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова