Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бақ сынайды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Хорватияның Дубровник қаласында өтетін Еуропа кубогына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың тізімін жариялады.

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Дамир Болатбеков
  • 66 келіге дейін: Қанат Сейілхан
  • 73 келіге дейін: Данияр Шамшаев, Айбек Жақашов
  • 81 келіге дейін: Қанат Әбітұлы
  • 90 келіге дейін: Дидар Хамза
  • 100 келіге дейін: Ермұхан Естай

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін: Сымбат Тағай
  • 78 келіден жоғары: Толқын Тұрсынақынова

Айта кетейік, Еуропа кубогы 28-29 наурыз аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!