Қазақстан құрамасы дзюдодан Хорватияның Дубровник қаласында өтетін Еуропа кубогына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың тізімін жариялады.
Ерлер:
- 60 келіге дейін: Дамир Болатбеков
- 66 келіге дейін: Қанат Сейілхан
- 73 келіге дейін: Данияр Шамшаев, Айбек Жақашов
- 81 келіге дейін: Қанат Әбітұлы
- 90 келіге дейін: Дидар Хамза
- 100 келіге дейін: Ермұхан Естай
Әйелдер:
- 48 келіге дейін: Сымбат Тағай
- 78 келіден жоғары: Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, Еуропа кубогы 28-29 наурыз аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова