Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогын бір алтын медальмен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогын бір алтын медальмен аяқтады
Фото: European Judo Union

Қазақстандық дзюдошылар Варшавада (Польша) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз бұл жарыста бір алтын, бір күміс және үш қола медальға қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Умуталиев финалда кездесті. Нәтижесінде Тоқтар Умуталиев жарыс жеңімпазы атанды. 

Ал Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget