Қазақстандық дзюдошы Загребтегі Гран-приде медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірахманов Загребтегі (Хорватия) Гран-приде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жұбаныш финалында вазари ұпайы бойынша Косово өкілі Акил Кияковты жеңді.

Бақытжан Әбдірахманов жарыс кезінде Әбдірахманов барлығы бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.

Бұл - осы турнирдегі ел қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін Айболат Ыстыбай 66 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған еді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!