Қазақстандық дзюдошы "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол финалда 60 келі салмақ дәрежесінде француз Седрик Револды жеңді.

Бұл - қазақстандықтың Grand Slam турниріндегі алғашқы алтын медалі.

Шамшадин алғашқы белдесуінде әзербайжандық спортшы Назир Талибовты жеңді. Келесі айналымда Мағжан Бахром Ботуровты (Өзбекстан) "иппонмен" ұтып, сонымен бірге тәжікстандық Мерзод Суфиевтен де айласын асырды.

Ғұсман Қырғызбаев та 66 келіге дейінгі салмақта финалда өнер көрсетеді.

Турнирді астанадағы "Барыс Аренада" өтіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!