Қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz.
J2 санаты бойынша дзюдодан 48 кило салмақта сынға түскен Ақмарал жартылай финалда түркиялық қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, финалға жолдама алды. Оған дейін үнді дзюдошысынан айласын асырған еді.
Финалдық белдесу Астана уақытымен 19:00-де басталады. Алтын жүлде үшін француз спортшысымен белдеседі.
О. Сансызбай