Жасөспірімдер арасында Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева чемпион атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.
52 келіге дейінгі салмақтағы финалда Фатима португал қызы София Гаспармен кездесті. Бастапқыда қарсыласы әдіс жасап, иппонға түсіргісі келген. Қазақстандық спортшы қарсыласының тәсілінен сытылып шығып, Гаспардың өзін иппонмен жеңіп шықты.
Фатима финалға дейін коста-рикалық Химен Моралес Гамбоа мен словак Вивьен Вадовицовты да таза иппонмен жеңген болатын.
Отандасымыз жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының және кадеттер арасындағы әлем чемпионы болып аттанған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!