Қазақстандық дзюдошы қыз Германиядағы турнирде қола медаль еншіледі

Қазақстандық дзюдошы қыз Германиядағы турнирде қола медаль еншіледі
Фото: fdk.kz

Бүгін Германияда дзюдодан жастар арасында халықаралық "Тюринги кубогы" халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Қазақстан жастар құрамасы дзюдошылар додасын 1 қола медальмен аяқтады.

+78 келі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Камила Берліқаш жұбаныш белдесуде неміс қызы Рени Лашты жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы.

Айта кетейік, халықаралық жарысқа әлемнің 16 елінен 500-ден астам жас татами шеберлері қатысты.

Н. Үсенова
Logotype Massaget