Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыстың финалына дейін жетті.

Шешуші белдесуде Абылайхан Жұбаназар Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен кездесті. Финалда қарсыласынан басым түскен қазақстандық спортшы турнир жеңімпазы атанды.

Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam жарысын бірінші орынмен аяқтап, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шеберлері Арменияда өткен халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алған еді. Ерхан Әбіл жарыс жеңімпазы атанса, тағы бес қазақстандық балуан қола жүлдеге ие болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget