Эквадордың Гуаякиль қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғабит Расулхан финалда канадалық Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен мен 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, 50 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Құдайберген мен 60 келіге дейінгі салмақта Ахмет Баубек қола жүлдегер атанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!