Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-де Финляндия өкіліне есе жіберді

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-де Финляндия өкіліне есе жіберді
Фото: ҰОК

Дзюдошы Аруна Жангельдина әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әзербайжанның Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан құрамасынан бір спортшы татамиге шықты.

78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Аруна Жангельдина алғашқы белдесуінде Финляндия өкілі Эмма Крапудан жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыс күнін жүлдесіз аяқтады.

Қазір ұлттық құрама қоржынында бір медаль бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget