Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда оңтүстіккореялық Харим Лиге жол берді.
Осылайша, Шерзод Давлатов қола жүлде үшін өтетін бәсекеде өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен күреседі.
Ал Ақылжан Жұбатқанов 66 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чханен Кимге жол берді.
Айта кетейік, финал бүгін Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!