Қазақстандық дерби: Бублик Монпельедегі турнирде отандасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Монпельедегі (Франция) ATP250 турнирінде еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик тағы бір қазақстандық теннисшімен ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Александр Бублик бұған дейін Ресейдің, осы аптадан бастап Қазақстанның атынан сынға түсе бастаған теннисші Александр Шевченконы 4:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Ол матч кезінде 15 эйс пен сегіз қос қателік жасап, тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Ал Александр Шевченко үш эйс пен төрт қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы енді жартылай финалда Гарольд Майло (Франция) не Феликс Ожер-Алиассименің (Канада) біреуімен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!