Қазақстан құрамасы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирде жеті медальға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде жалғыз алтын медальді Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін) жеңіп алды.
Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз