Қазақстандық боксшылар Әлем кубогына Өзбекстанда дайындалып жатыр

Қазақстандық боксшылар Әлем кубогына Өзбекстанда дайындалып жатыр
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін Әлем кубогына дайындықты бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Боксшылар Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Бұл жиында Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары бар. Оқу-жаттығу жиынында әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдайды.

Айта кетейік, екінші Әлем кубогы 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget