Қазақстандық боксшы өзбекстандық спортшыдан басым түсті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Ол 80 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шығады.

Дина Исламбекова жартылай финалда төрешілердің шешімімен өзбекстандық Олтиной Сотимбоевадан басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) және Надежда Рябец (80 келіге дейін) финалға шыққан болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!