34 жастағы қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова 24 жастағы гайаналық Джайка Павилустан айласын асырды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жекпе-жек Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтті. Бұл айқаста жеңіл салмақта GBO белбеуі сарапқа салынды.
Кездесу алты раундқа жоспарланып, соңына дейін жетті. Оның қорытындысы бойынша Сатибалдинова төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Бұл Сатибалдинованың кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісі болды. Отандасымыз екі мәрте жеңіліп, бір мәрте тең түскен. Ал Павилус болса алтынша рет жеңілді. Ол үш мәрте жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.
Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының үш жылдық үзілістен кейін өткізген алғашқы кездесуі болды. Соңғы мәрте ол 2019 жылдың шілдесінде шаршы алаңға шығып, карьерасында екінші рет жеңілген болатын.