Қазақстандық боксшы қыз жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Massaget.kz.

57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып жатқан отандасымыз Ақнұр Тұрсынғали финалға жолдама алды. Жартылай финалда Украина өкілі Евангелина Петрукты 4:1 есебімен жеңіп шықты.

Финалда отандасымыз бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасады. Шешуші жекпе-жек 12 қарашада өтеді.

Айта кетейік, бүгін жартылай финалда Бибарыс Әшірбай мен Марал Төлепберген де финалдық жолдама үшін жекпе-жек өткізеді.