Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Massaget.kz.
57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып жатқан отандасымыз Ақнұр Тұрсынғали финалға жолдама алды. Жартылай финалда Украина өкілі Евангелина Петрукты 4:1 есебімен жеңіп шықты.
Финалда отандасымыз бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасады. Шешуші жекпе-жек 12 қарашада өтеді.
Айта кетейік, бүгін жартылай финалда Бибарыс Әшірбай мен Марал Төлепберген де финалдық жолдама үшін жекпе-жек өткізеді.
О. Сансызбай