Қазақстандық боксшы қыз Римма Волосенко Ханчжоудағы Азия ойындарында қытайлық Тайпей спортшысы Ву Шигуйге жол беріп, жарысты аяқтады.
60 кило салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек жанкүйерлерді қуанта қойған жоқ. Бірінші раундта Римма басым болып шыққанмен, кейінгі раундтарда төрешілер қарсыласына басымдық берді. Сондай-ақ екі боксшы күрес тәсілдеріне басып, жиі ескерту алуымен де есте қалды.
Римма бокстан Қазақстан құрамасы сапында жарыс жолынан шыққан бірінші боксшы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!